АҚШ TikTok әлеуметтік желісін бұғаттамақ

0 6

АҚШ Өкілдер палатасының энергетика және сауда комитеті қытайлық “ByteDance” компаниясына АҚШ-тағы әлеуметтік желіні бұғаттау қаупімен өзіне тиесілі “TikTok”-ты сатуға бұйрық беретін заң жобасын мақұлдады.

Бұл жағдайды журналистерге Америка президенті түсіндірді. «Егер олар оны қабылдаса, мен оған қол қоямын», деді Байден.

Ал өз кезегінде “TikTok” өкілдері АҚШ-та әлеуметтік желіге тыйым салу 170 миллион америкалықты сөз бостандығына конституциялық құқығынан айырады деп мәлімдеді. Бір жылдан астам уақыт бұрын АҚШ-тың мемлекеттік университеттері студенттерге кампустардағы “Wi-Fi” желілерін пайдаланып, “TikTok”-ты пайдалануға тыйым салған еді.

Президент Джо Байден әкімшілігі әлеуметтік желі АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін деп алаңдайды – шенеуніктер қытайлық “TikTok” иелерінен компаниядағы өз үлестерін сатуды талап етеді, әйтпесе Штаттар аумағында қолданбаға тыйым салынуы мүмкін екен.