Қызылшаға байланысты төтенше жағдай жарияланды

0 4

Нью-Йорк штатында қызылша ауруының таралуына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Жыл басынан бері штаттың 18 округінде қызылшаның 108 жағдайы тіркелген.

«Reuters» мәліметінше, билік ауру жұқтыру жағдайларының өсуін вакцинация деңгейінің төмендігімен байланыстырып отыр.

Төтенше жағдай режимі аясында қызылшаға қарсы екпе жасауға рұқсат етілген мамандардың қатары кеңейтілді. Енді вакцинацияны парамедиктер, жедел медициналық көмек мамандары, фармацевтер және акушерлер де жүргізе алады.

Сонымен қатар қызылша, паротит және қызамыққа қарсы жасалған әрбір екпе туралы мәлімет штаттың бірыңғай иммундау тізіліміне үш күн ішінде енгізілуі тиіс.