Мейрамханада тамақты тауысып жемегендерге айыппұл салынады

0 0

Францияның Фонтенбло қаласының маңында ерекше ережесі бар мейрамхана ашылды. Мұнда «швед үстелі» форматында тамақтанған қонақ тәрелкесіне салған асты толық жемесе, 10 еуро (шамамен 5,3 мың теңге) төлеуі керек.

Мейрамхана иелерінің айтуынша, мұндай шара тағам қалдығының көптігіне байланысты енгізілген. Қонақтар белгіленген соманы төлеп, қалағанынша тамақ ала алады. Алайда кейбірі тәрелкесіне шамадан тыс көп тағам салып, соңында бәрін жеп үлгермейді.

Айыппұл туралы ескерту мейрамхананың ақпарат көздері мен кіреберіс есігінде көрсетілген. Заңгерлердің айтуынша, ереже келушілерге алдын ала көрсетілсе, белгіленген талапты орындау міндетті.

Егер қонақ айыппұлды төлеуден бас тартса, оның әрекеті алаяқтық ретінде қарастырылуы мүмкін. Мұндай жағдайда 135 еуро көлемінде айыппұл салынуы ықтимал. Ал мейрамхана тұтынушыға талапты алдын ала ескертпеген болса, келуші дәмханаға шағымдануына болады.