Әнші Айқын Төлепберген Алматыдағы жаңадан салған зәулім үйін көрсетті.
Өнер иесінің айтуынша, бұл үй бір жылдан астам уақыттың ішінде салынған. Жалпы аумағы – 10 сотық, іші – 340 шаршы метр.
Әнші үйін дизайнердің көмегінсіз, сейсмикалық жағдайға төзімді етіп салғанын айтады. Сонымен қатар үй ішінде орналасқан ерекше ағашты көрсетті. Айтуынша, мұндай ағаш елде жоқ екен.