«Әрбір азамат Отан алдындағы борышын өтеуге міндетті. Өйткені әскер – ел қорғаны, мемлекет қауіпсіздігінің кепілі. Сондықтан әскерді нағыз өмір мектебі деп айтуға болады», – дейді түймекенттік Алдияр Әбен.
Ол 2007 жылдың 5 наурызында дүниеге келген. Түймекент орта мектебінің 9-сыныбын тәмамдап, 2022 жылы №3 Байзақ колледжіне түсіп, «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша білім алған. Кейін Алматы облысы, Сарыөзек ауылындағы №29108 әскери бөлімінде борышын абыроймен атқарған. Тәртіп, төзімділік және жауапкершілік сынды қасиеттерді бойына сіңірген азамат Отан алдындағы борышын адал, мінсіз атқарып келді. Оны ол «Бойына патриоттық рух пен жауапкершілік сезімін қалыптастыратын маңызды өмір мектебі», – дейді Алдияр Әбен.

Қазіргі таңда кейбір жастар әскерге баруға құлықсыздық танытады. Алайда әскери қызмет адамды шыңдап, қиындықтарды жеңуге үйретеді. «Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен үркер күшім жоқ деп ер қайратыңа міндағы, өрге бас», – деп белгілі жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай, әскери қызмет барысында Алдияр Мударұлы тәртіп пен жауапкершіліктің маңызын терең түсінгенін айтады. Ол күнделікті әскери дайындықтарға қатысып, түрлі тапсырмаларды орындау арқылы шыдамдылық пен табандылық қасиеттерін дамытты.
Әскерде жүріп жаңа достар тауып, ұжымдық бірліктің қадірін білді. Мұндай қасиеттер әскери қызметтен кейін де адамның өмірінде үлкен пайдасын тигізеді. Сондықтан әскердегі борышын өтеген еразаматтар қоғамда белсенді, еңбекқор және тәртіпті тұлға болып қалыптасатыны анық.