Алғаш рет Жапонияда ғасыр жасағандардың саны 100 мыңнан асты

0 1

Жапонияда 100 және одан жоғары жастағы ұзақ жасаушылардың саны тарихта алғаш рет 100 мың адамнан асты.

Бұл туралы Жапонияның Денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, 15 қыркүйектегі жағдай бойынша елде 100 жастан асқан 107 677 адам бар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 914 адамға көп.

Олардың ішінде әйелдер саны басым – 94 298 адам, яғни жалпы ұзақ жасаушылардың 87,6%-ын құрайды. Ерлер саны — 13 379 адам.

Киото қаласының ең қарт тұрғыны – 114 жастағы әйел.

Жапонияда 100 жастан асқан адамдардың саны осымен 56 жыл қатарынан өсіп келеді. Биыл бұл көрсеткіш алғаш рет 100 мың адамнан асты.