Облыстық әлеуметтік жұмыс басқармасының инклюзивті білім беру саласы мамандарының ұйымдастыруымен «Толеранттылық: мәні, қағидалары және күнделікті өмірдегі көрінісі» тақырыбында танымдық семинар-тренинг өтті. Бұл іс-шараның мақсаты – студенттер арасында қоғамдағы өзара сыйластықты, инклюзия және толеранттылық құндылықтарды насихаттау.
Семинарға «Әлеуметтік психология» кафедрасының аға оқытушысы, Әлеуметтік жұмыс басқармасының инклюзивті білім беру саласының бас маманы С. Усенова, сондай-ақ тренерлер ретінде А. Доқтырбай және А. Устенбекова қатысты. Іс-шара барысында студенттер өз ой-пікірлерімен бөлісіп, тәжірибелік тапсырмаларды орындауға атсалысты. Көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, мамандардың жауап алды.
Жиын барысында «Мүгедектердің жастар қоғамы» қоғамдық бірлестігінен шақырылған спикер-коуч арнайы мотивациялық тренинг өткізіп, қатысушыларға өз потенциалдарын ашу, өзін-өзі дамыту жолдарын көрсетті. Сондай-ақ қоғамдық бірлестіктің басшысы Айгерім Маратбекқызы бұл бөлімде белсенділік танытқан студенттерге арнайы сертификаттар тапсырды.
Тренинг барысында толеранттылықтың мәні, қоғамдағы рөлі, сондай-ақ күнделікті өмірде оны көрсету жолдары жан-жақты талқыланды. Қатысушылар топтық жұмыстар арқылы тәжірибе алмасты, нақты өмірлік мысалдарды қарастырды және әрқайсысының қоғамға қосатын үлесі туралы пікір білдірді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай іс-шаралар жастардың әлеуметтік сезімталдығын арттырып, қоғамдағы әртүрлі топтарға деген сыйластық пен түсіністік мәдениетін қалыптастыруға септігін тигізеді. Семинар-тренинг қатысушыларға ерекше әсер қалдырып, олардың әлеуметтік құзыреттілігін арттыруға бағытталған практикалық дағдыларды дамытуға мүмкіндік берді.