Жүйелі жұмыстар жүргізілуде

0 3

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кері әсерін тигізетін, халықтың мемлекетке деген сенімін әлсірететін қауіпті құбылыс. Сондықтан оған қарсы күрес – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады.

Бүгінгі таңда біздің Үшарал ауылдық округі әкімінің аппараты тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның көріністеріне жол бермеу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет көрсету барысында ашықтық, жариялылық және заңдылық қағидаттарын сақтау басты назарда.

Ауыл тұрғындарына көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қолжетімді әрі сапалы түрде ұсынылып, өтініштер мен ұсыныстар уақытылы қаралуда. Сонымен қатар, әкімшілік тарапынан тұрғындармен тұрақты түрде кездесулер өткізіліп, олардың пікірлері мен ұсыныстары ескеріліп келеді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да жүйелі түрде жүргізілуде. Әкімшілік қызметкерлері арасында әдеп нормаларын сақтау, қызметтік міндеттерді адал әрі жауапкершілікпен орындау мәселелері үнемі бақылауда.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баршамыздың ортақ міндетіміз. Әрбір азамат заң талаптарын сақтап, адалдықты ту етсе, біз әділетті әрі дамыған қоғам құра аламыз.