Үндістанда пойыз апатынан 9 адам қаза тапты

0 5

Үндістанда Канчанджанг экспресі жүк пойызымен соқтығысып қалды. Апат салдарынан 9 адам қаза тауып, 25 адам жарақат алған.

The Indian Express басылымы жазғандай аймақтың негізгі теміржолында қалааралық пойыздардың жүру кестесі бұзылған. Канчанджанг экспресінің артқы жағындағы үш вагон жүк пойызының соққысына байланысты рельстен шығып кеткен.

Нөсер жаңбыр салдарынан адамдарды үйінді астынан шығару жұмыстары қиынға соққан.

«5 адам, соның ішінде жүк пойызының локомотив машинисі де оқиға болған жерде қаза тапты. 25 адам жарақат алды. Адамдарды үйінді астынан шығаруға тырысып жатырмыз. Жергілікті тұрғындар көп көмектесті», деді станция қызметкері.

Кейінірек мерт болғандар саны 9 адамға жеткен.