Таразда теледидар ұрлағандар ұсталды

0 1

Тараз қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына қала тұрғынынан көршісінің пәтерінің артында күдікті тұлғалардың жүргендігі жайлы хабарлама келіп түскен.

Полиция басқармасының қызметкерлері жедел түрде көрсетілген мекенжайға барған кезде, екі ер азаматтың пәтерлердің бірінен құны 400 мың теңге болатын LG теледидарын шығарып, алып кетіп бара жатқандығы анықталды. Осылайша олар оқиға орнында айғақ затпен бірге ұсталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-тармағы (ұрлыққа оқталу) бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.