Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және интернет кеңістігіндегі алаяқтықтың алдын алу мақсатында тұрғындар арасында түсіндіру жұмысын жүргізді. Бұл іс-шараға облыстық Полиция департаменті өңірге танымал блогер Ерсұлтан Байжановты көмекке тартты.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері азаматтарды өздерінің банк карталарын, шоттарын және банк қосымшаларына қатысты деректерді бөгде адамдарға бермеуге шақырды. Күмәнді ұсыныстарға сенбей, кез келген қаржылық операцияға барынша сақтықпен қарау қажет екендігін ескертті.
Сондай-ақ полиция қызметкерлері мен блогер халық көп шоғырланатын орындарда тұрғындармен кездесіп, интернет алаяқтарының кең таралған тәсілдері туралы түсіндірді. Сонымен қатар азаматтарға жеке және банктік деректерді қорғау, күмәнді сілтемелерге өтпеу, бейтаныс нөмірлерден келетін қоңырауларға сақтықпен қарау және алаяқтардың арбауына түспеу жолдары жөнінде кеңестер берілді.
Тұрғындарға интернеттегі қауіпсіздік ережелері көрсетілген ақпараттық парақшалар таратылды. Сонымен қатар азаматтардың назарын аудару мақсатында интернет алаяқтықтың алдын алуға бағытталған арнайы бейнеролик түсірілді.
Іс-шара барысында қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі «дропперлік» туралы да кеңінен түсіндірілді.