Махмұд Сабырхан лицензиялық турнирде Пуэрто-Рико боксшысын жеңді

0 2

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Бусто-Арсициода (Италия) өтіп жатқан лицензиялық турнирдің ширек финалына шықты.

57 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан боксшымыз 1/8 айналымда Пуэрто-Рико өкілі Тирадо Паганмен кездесті

Төрешілер бірінші раундта Махмұдқа 4:1 ұпай берсе, екінші раундта 3:2 есебімен қарсылас басым түсті.

Алайда Махмұд Сабырханның шешуші сәттегі дәл соққылары жекпе-жекті жеңіспен аяқтауға септігін тигізді. Есеп: 5:0.