Асланбек Шымбергенов ширек финалға жолдама алды

0 2

Бокстан Ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов Бусто-Арсицио (Италия) қаласында өтіп жатқан іріктеу турнирінде ширек финалға жолдама алды.

71 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан боксшымыз бұл жолы түрікменстандық жас боксшы Байрамдұрды Нұрмұхамедовпен жұдырықтасты.

Тартысты жекпе-жектің бірінші раундында Асланбек Шымбергенов алға шыққанымен, екінші раундта түрікмен боксшысы ширақ қимылдап, 3:2 есебімен басым түсті.

Алайда шешуші сәтте отандасымыз намысты қолдан бермей, барын салды. Төрешілер 3:2 есебімен жеңісті қазақ боксшысына берді.