Қазақстандықтар қосымша демалыс күндеріне бай болайын деп тұр.
Наурызда біз екі мерекені тойлаймыз – 8 наурыз және Наурыз. 8 наурызда үш күн демалыс болады. 8 наурыз жұма күніне сәйкес келетіндіктен, бес күн жұмыс істейтіндер сәйкесінше 8, 9 және 10 наурызда, алты күн жұмыс істейтіндер екі күн демалады.
Наурыз мерекесін бес күн тойлаймыз: 21, 22, 23, 24, 25 наурыз. Мереке сенбі күніне түскендіктен, дүйсенбі де қосымша демалыс күні ретінде беріледі.
Мамыр айында бірқатар мерекені тойлаймыз: Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні. Әр мереке үшін бір күн демалыс беріледі: 1, 7 және 9 мамыр (сәрсенбі, сейсенбі және бейсенбі).
Маусым айында да қосымша демалыстар бар: мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні – 17 маусым, дүйсенбі. Сонымен қатар ҚМДБ жаңа айға байланысты діни мереке күндері кейінге шегерілуі мүмкін екенін айтты.
Шілде айында Астана күніне байланысты үш күн демалыс болады. 6 шілде сенбіге сай келгендіктен, 8 шілде қосылып беріледі. Бес күн жұмыс істейтіндер 6, 7 және 8 шілде, ал алты күн жұмыс істейтіндер екі күн демалады.
30 тамызда Конституция күнін атап өтеміз. Бұл күн жұмаға түскендіктен, бес күн жұмыс істейтіндер үш күн демалады: 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек.
Қазан айында Республика күнін тойлаймыз. Соған орай үш күн қатар демаламыз: 25, 26 және 27 қазан.
2024 жылғы желтоқсанда Тәуелсіздік күніне орай қатарынан үш күн демалыс болады: 14, 15 және 16 желтоқсан (дүйсенбі). Алты күн жұмыс істейтіндер сәйкесінше екі күн ғана демалады.
Әулиеата-ақпарат.