Ауылым – алтын бесігім

0 5

Ордабасы ауданының құрылғанына 60 жыл толуына орай Бөген ауылдық округінде «Ауылым – алтын бесігім» атты өнер фестивалі өтті. Жоғары деңгейде  ұйымдастырылған мәдени іс-шараның алғашқы кезеңінде қонақтар арнайы жасақталған көрмені тамашалады. Көрмеге ауыл шаруашылығы техникалары, қолөнер шеберлерінің, ауыл округіндегі шағын кәсіпкерлердің өнімдері, мектеп оқушыларының, балабақша тәрбиеленушілерінің қолынан шыққан бұйымдар қойылды. Әсіресе, ұлттық тағамдар мен табиғи өнімдер көрмеге  қатысушылардың көңілінен шықты. 

Сондай-ақ, іс-шара аясында бірнеше спорт түрінен, атап айтқанда, қол күресінен, қазақ күресі, шахматттан, тоғызқұмалақтан, гір тасын көтеруден жарыстар ұйымдастырылды.

Аудан әкімі Азат Оралбаев пен аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков бөгендіктерді мерекемен құттықтап, ауданның әлеуметтік- экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар азаматтарға Алғысхат тапсырып, сый-құрмет көрсетті.

Бөгендіктерді қуанышқа бөлеген іс-шара барысында аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары мен жергілікті өнерпаздар көпшілікке ән мен күйден шашу шашты.