Жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Оған осы бастан тоқтау қоймаса мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайды. Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықтық түсіндіру жұмысының сапасын арттырудың маңызы зор. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі – осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі таралмауы үшін оған бөгет болудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде түбегейлі қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы және адамгершілік міндеті деп білу керек.
Біз қазір жаңаша өмір сүріп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты іскерлік болса, бұл жолда жетістіктеріміз де баршылық. Ал шешімі күрделі әлеуметтік мәселелер де бар. Қоғам өмірінде түбегейлі шешімі табылмай тұрған мәселе, ол – сыбайлас жемқорлық. Елімізде осы мәселеге байланысты арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан түрлі жұмыстар да баршылық. Мәселен, біздің Қостөбе ауылдық округі әкімі аппаратында «сенім телефоны» мен өтініштерге арналған жәшік қойылған. Жыл басынан қазіргі уақытқа дейін азаматтарға арналған сенім жәшігіне және «сенім телефонына» өтініштер келіп түскен жоқ. Сыбайлас жемқорлық фактісі тіркелмеген.
Қостөбе ауылдық округі әкімі аппаратында келіп түскен өтініштер уақытылы қаралып, оларға қолданыстағы заң аясында жауаптар мен түсініктемелер беріліп отырады. 2026 жылдың 3 айында «Жеке және заңды тұлғалардан» барлығы 11 өтініш келіп түсті. Аталған өтініштердің 10 қаралып, жауаптар берілді. Ал, біреуі қаралу үстінде.
Ауылдық округі әкімшілігі тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар жарияланып тұрады. Атқарылып жатқан жұмыстар халыққа Instagram, Facebook және WhatsApp әлеуметтік желілер арқылы күнделікті жеткізіліп отырады. Әкімшілік ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы бұрыш бар. 2026 жылдың І тоқсанында мемлекеттік қызметтер сапасына шағымдану болған жоқ. Құқық бұзушылық және қылмыс жасау фактілері тіркелмеген. Аталған мәселе бойынша жауапкершілік тікелей ауыл әкімінің назарында. Ағымдағы жылдың 3 ақпан күні «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» мақсатында мекеме қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында жастар жөніндегі маман баяндама жасап, қатысушыларға ақпараттық бүктеме таратылды. Сонымен қатар, әкімшілік ғимаратында өз-өзіне қызмет көрсету, электрондық портал арқылы ұсынылатын қызметтер, ауыл тұрғындарына арнайы бұрыш жасалып, орналастырылған.
Әділетті қоғам-сыбайлас жемқорлықтан ада, заң үстемдігі мен адалдық құндылықтарына негізделген, әр азаматқа тең мүмкіндік беретін қоғам. Жемқорлықты жою – елдің тұрақты экономикалық дамуы мен ашықтықты қамтамасыз ететін, тәрбие мен цифрландыру арқылы жүзеге асатын ортақ жауапкершілік. Мұның бәрі елімізде құқықтық мемлекеттің іс жүзінде орнауына, заңның үстемдігіне, әр адамның қауіпсіз өмір сүруіне, қоғамдық тәртіптің нығаюына, әлеуметтік ахуалдың жақсаруына, ең бастысы ұлттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тұрақты дамуға жеткізеді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор.
Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күреске жалпы мемлекеттік саясат ретінде қаралып, оны жүзеге асыру бойынша құқықтық іс-шаралар жүйесі кешенді жүргізіліп отыр. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағытының бірі – оның алдын алу. Ол қоғамымыздың дамуына, еліміздің өркендеуіне кері әсерін тигізеді. Сондықтан ауылдық округте қызмет көрсету барысында жеке және заңды тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсетпеу туралы мекеме қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұрады.