Адалдық – ардың ісі

0 3

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік қызмет пен қоғамдық ресурстарды жеке пайда үшін заңсыз пайдалану. Бұл құбылыс кез келген елдің дамуына кері әсерін тигізіп, экономикалық өсімді тежейді, әлеуметтік теңсіздікті күшейтеді және халықтың билікке деген сенімін төмендетеді.

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мемлекеттік деңгейде жүргізіліп келеді. 2014 жылы құрылған Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі осы бағыттағы негізгі уәкілетті орган болып табылады. Агенттік жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу жұмыстарын жүзеге асырады.

Сыбайлас жемқорлықтың туындауына бірнеше фактор әсер етеді: бақылау тетіктерінің әлсіздігі, заңнаманың толық орындалмауы, қоғамдық сана мен құқықтық мәдениеттің төмендігі, материалдық мүдденің басым болуы, сонымен қатар кей жағдайда азаматтар өз құқықтарын толық білмегендіктен немесе мәселені тез шешуді көздеп, заңсыз әрекеттерге баруы мүмкін, экономиканың тұрақты дамуына кедергі жасайды, инвестициялық ахуалды нашарлатады, әлеуметтік әділетсіздікті күшейтеді, мемлекет беделіне нұқсан келтіреді.

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына қауіп төндіретін күрделі әлеуметтік құбылыс. Онымен күресу үшін заңның үстемдігін қамтамасыз етіп, ашықтық пен әділдік қағидаттарын нығайту қажет. Әрбір азамат адалдық пен жауапкершілікті басты құндылық ретінде ұстанған жағдайда ғана жемқорлықсыз қоғам құруға болады.