Жүзетін робот

0 3

Гарвард ғалымдары спирттің кө­ме­гімен суда қозғалатын кішкен­тай роботтар жасады.

Роботтардың диаметрі 1 см. Оларға ауа камерасы мен спирт құйылған бак орнатылған. Суға түскенде, спирт кіш­кентай тесіктен төгіліп, роботты қоз­ғалтады. Бұл үдеріс Марангони әсе­ріне негізделген. Яғни, төменгі беттік ке­рілуі бар сұйықтық жоғары керілумен әрекеттесіп, тартылыс күшін тудырады. Роботтар 6 см/с жылдамдықпен 500 секундқа дейін қозғала алады. Спирт суды ластамайтындықтан, ең тиімді отын ретінде таңдалған. Ғалымдар күрделі траекториямен жүретін, бірлесіп әрекет ететін роботтарды да сынақтан өткізді.