Үндістанда 113 миллион долларлық той өтті

0 4

Үндістандық миллиардер Мукеш Амбани кенже ұлына әлемдегі ең қымбат тойлардың бірін жасап берді.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, тойдың бағасы 113 миллион долларға түскен. VIP қонақтар арасында Facebook-тың негізін қалаушы Марк Цукерберг пен АҚШ-тың бұрынғы бірінші ханымы Хиллари Клинтон, әнші Рианна бар.

Мукеш Амбанидің 28 жастағы ұлы Анант үнді өнеркәсіпшісі Вирен Мерчанттың қызына үйленді. Радхика Мерчант пен Анант Амбани ресми түрде 12 шілдеде үйленген. Алайда екеуінің тойы енді ғана Индияның Джамангар қаласында өтті. Аталған рәсімге әлемнің түкпір-түкпірінен мыңға жуық қонақ келді.  Әрбір қонақ алдын ала брошюра алған. Онда ережелер жиынтығы, киім үлгісі бойынша ұсыныстар көрсетілген.

Мерекенің барлық қатысушылары үндінің ұлттық киімдерімен қамтамасыз етілді. Арнайы шақырылған жүздеген визажистер мен стилистер оларға сариді дұрыс орап, қолдарына дәстүрлі хна өрнектерін жағуға көмектесті.

Дәмі мен диеталық талғамына қарай қонақтар таңғы астың 75 түрін, ал түскі астың 225 түрі, кешкі астың 275 түрін таңдай алады.

Мукеш Амбанидің есімі Forbes миллиардерлер тізімінде тоғызыншы орында. Оның Reliance Industries корпорациясы мұнай мен газ өндіруге маманданған. Амбанидің байлығы 111 миллиард долларға бағаланады. Мерчант отбасында фармацевтикалық компания бар.