Үкімет Аппараты жалпықалалық сенбілікке қатысты

0 2

Қазақстан Үкіметі Аппаратының басшылығы мен қызметкерлері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өткен қалалық сенбілікке қатысты.

Премьер-Министр Олжас Бектенов бастаған Үкімет Аппаратының қызметкерлері «EXPO» аумағында 150-ге жуық көшет отырғызды, оның ішінде емен, қайың, шырша, сағызқарағай және басқа да ағаш түрлері бар.

Экологиялық акцияның үш аптасында 4,6 мыңнан астам тонна қоқыс шығарылды. Астанада 50 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Биыл елордада барлығы 1,1 млн-ға жуық жасыл желек отырғызу жоспарда бар.