Смарт сақина

0 2

Лас-Вегаста таныстырылған жаңа технологиялар жаһан назарын аударды.

Әсіресе «Ultrahuman» компаниясының «Rare» деп аталатын 18 караттық әшекей бұйымы елді еріксіз елең еткізді. Өйткені бұл смарт сақина сымбатыңызды сақтайды, саулығыңызды бақылайды. Стресс деңгейін, дене температурасын қа­лыпты ұстауға көмектеседі. Ал «L’Oréal» компаниясының «Cell BioPrint» құрыл­ғысы теріге әжім түспеуін әжептеуір кешеуілдетеді.

Айта кетейік, «Rare» жина­ғының бағасы шамамен 2000 доллар. Жақын күндері Париж бен Лондон дүкендерінде сатылымға шығады.