Сапалы өнімге сұраныс жоғары

0 5

Қазіргі уақытта жаңа ғимараттың бәріне пластикалық есік-терезе салынады. Сонымен бірге көптеген адам үйіндегі ескі терезені жаңасына ауыстыруға тырысады. 

Осы ретте «Ак-Бар Building» ЖШС 10 жылдан аса уақыт пластикалық есік-терезе шығарумен айналысып келеді. Өндіріс орнының еңбеккерлері жұмыс барысында кәсіби дағдыларын үнемі жетілдіріп отыруға және тұтынушы талап-тілегін сапалы орындауға ұмтылуда. Қазіргі уақытта кәсіпорын заманауи үлгіде қызмет көрсетеді. Сондай-ақ еуропалық талаптарға сай жұмыс жүргізеді.

Өндіріс орнының жетекшілігі кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейту үшін айналым қаражатын толықтыру мақсатында «Банк ЦентрКредит» АҚ-ға жүгініп, несие алды. Жобаға «Даму» қоры субсидиялау және кепілдік беру құралдары бойынша «Бірыңғай кешенді бағдарлама» шеңберінде қолдау танытты.

«Ак-Бар Building» компаниясында шығарылған өнімдердің негізгі тұтынушылары құрылыс ұйымдары болып табылады. Бүгінгі таңда бұл жерде тәжірибелі мамандар жұмыс істейді. Олар өнімнің сапалы жасалуына айрықша мән беруде. Жұмыс нәтижесі тұтынушы тарапынан оң бағаға ие.