Қазақ қыздары тарихи жүлдеге қол жеткізді

0 5

Қазақстан әйелдер құрамасы Будапештте өтіп жатқан 45-ші Олимпиаданың күміс жүлдесіне қол жеткізді.

Қазақстан қыздар командасы 18 ұпай жинап, алғаш рет жүлдегер атанды. Алтынды Үндістан алды, олар 1 ғана ұпаймен озды.

Ел намысын Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Әмина Қайырбекова, Ксения Балабаева, Алуа Нұрман қорғады. Олимпиадада 1-2 орын алған шахматшыларға «Еңбек сіңірген спорт шебері» атағы беріледі.

Айта кетсек, Бүкіләлемдік шахмат Олимпиадасы 2 жылда бір өтеді.