Тараз қаласында электр энергиясын есептеудің заманауи құралдарын шығарумен айналысатын зауыт жұмыс істеуде. Бұл отандық өнімді шығарушы «Аспан-Energy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Серіктестік директоры Заур Беридзенің айтуынша, зауыт электр энергиясын бақылау мен есептеудің автоматтандырылған жүйесін (ЭКЕАЖ) әзірлеумен айналысады. «Компания сенімділік, қауіпсіздік және энергия тиімділігінің қазіргі заманғы талаптарына жауап беретін жоғары дәлдіктегі электронды бір фазалы және үш фазалы көп тарифті электр энергиясын есептеуіштерді шығаруға мамандандырылған» дейді ол.
Кәсіпорынның барлық өнімдері сертификатталған және Қазақстан Республикасының Өлшем құралдарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген. Есептеуіштер компанияның жеке техникалық тапсырмасы бойынша әзірленеді және сыртқы әсерлерден, рұқсатсыз араласудан, электр энергиясын ұрлаудан және кернеудің ауытқуынан қорғаудың жоғары дәрежесіне ие.
Өнім желісінде үлгілердің кең спектрін қамтитын батырмалы энергия есептегіштер ерекше орын алады: бір фазалы және үш фазалы есептеу құралдары, қашықтықтан басқару пульттері бар есептегіштер, бұралған жұп бойынша байланысы бар құрылғылар, PLC-деректерді беру технологиясы, сәулелену деңгейі төмен сымсыз радиожиілік байланысы, сондай-ақ қораптық типтегі үш фазалы өлшеуіш батырмалы есептегіштер.
Кәсіпорынның өндірістік қуаты орта есеппен ай сайын 5000-ға дейін есептеуіш шығаруға мүмкіндік береді. Алайда өндiрiстiң тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, жинақтауыштарды дер кезiнде сатып алу және компания тапсырыстарының өсiп келе жатқан көлемiн орындау үшiн айналым қаражатын қосымша қаржыландыру қажет болды.
2025 жылы «Аспан-Energy» ЖШС мемлекеттік қолдауды пайдаланып, айналым қаражатын толықтыруға «Даму Өндіріс» бағдарламасы бойынша «Еуразиялық банк» АҚ арқылы қаржыландыру алды. Алынған қаражат компанияға қажетті материалдар мен жинақтауыштарды уақтылы сатып алуға, үздіксіз өндірістік процесті қолдауға және электр энергиясын есептеу құралдары нарығындағы өз позициясын нығайтуға мүмкіндік берді.
Бағдарламаға қатысудың арқасында кәсіпорын өндірістік қызметтің тиімділігін арттырды, тапсырыс берушілер алдындағы келісімшарттық міндеттемелердің уақтылы орындалуын қамтамасыз етті және одан әрі өсуге негіз жасады. Бүгінде «Аспан-Energy» ЖШС электр энергиясын есепке алу саласында инновациялық технологияларды белсенді енгізуді жалғастыруда, Қазақстанның энергетикалық саласын цифрландыруға үлес қосып, тұтынушыларды сапалы отандық шешімдермен қамтамасыз етуде.