Бұл жөнінде 2026 жылғы көктемгі егіс жұмыстарының қорытындылары бойынша Арқалық қаласына жасаған жұмыс сапарында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесуінде мәлімдеді.
Арқалық қалалық ауылшаруашылық бөлімінің есебінше дала жұмыстары ілгері басуда. Қаланың ауыл шаруашылығының аграрлық секторына 13 ауылдық елдімекен жатады. Өңірде 396 шаруашылық, яғни: 328 шаруа қожалығы, 61 ЖШС (мемлекеттік емес заңды тұлғалар), 4 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі, 3 мемлекеттік кәсіпорын өз қызметін жүзеге асырады.
2026 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 4 миллиард 951 миллион 900 мың теңгені құрады. Оның ішінде мал шаруашылығының үлесі – 4 миллиард 947 миллион 800 мың теңге.
Арқалық қаласы бойынша 2026 жылғы егіс науқанының қорытындысында жаздық дақылдар егісінің құрылымы 338,049 мың гектарды құрап, жол картасының жоспары 109,4 пайызға асыра орындалды.
Кездесу барысында алаңдарды химиялық арамшөптерден тазарту, ауыл шаруашылығы дақылдарына зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарының есебі де берілді. Машина-трактор паркі жаңартылуда. Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру, минералды тыңайтқыштарды сатып алу мәселелері де назардан тыс қалмады.
Облыс әкімінің орынбасары Арман Әбенов ауылшаруашылық қызметкерлерімен кездесуінде өңір үшін мал шаруашылығын дамытудың маңызы зор екенін алға тартты. Мал басын асылдандыру кезек күттірмейтін мәселе. Сондықтан, жиналғандарлы үкімет тарапынан ұсынылып жатқан оңтайлы бағдарламаларға білек сыбана қатысуға шақырды.
Арқалық қаласында мал басының саны 2025 жылмен салыстырғанда өскені байқалады.
Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарына сәйкес және ауыл шаруашылығы жануарларының басын одан әрі арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін жеңілдетілген несиелеу бағдарламаларына қатысуға тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Арқалық қаласы бойынша 51 ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі «Игілік» және «Жайлау» бағдарламаларына қатысуға ниет білдірді. Оның ішінде: «Игілік» бағдарламасы бойынша – 4 ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі 900 бас сатып алуға (импорттық мал басын сатып алу); ( «Zengi Farms» ЖШС – 700 млн теңгеге 500 бас МІҚ, «Таң-сұлтан» ШҚ – 140 млн теңгеге 100 бас МІҚ, «Шегет» ШҚ – 280 млн теңгеге 200 бас МІҚ, «Ернар» ШҚ – 140 млн теңгеге 100 бас МІҚ). Қаржыландыру сомасы 1 млрд 260 млн теңге. Сатып алынатын МІҚ мал басының саны 100-ден 499 басқа дейін.
«Игілік» бағдарламасын іске асыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін, ұсақ мал (ҰМ) сатып алу бойынша жеңілдетілген несие алғысы келетін 4 ауыл шаруашылығы тауар өндірушісінің 3 млрд 90 млн теңге қаржыландыру сомасына 13,3 мың бас ҰМ сатып алуы жоспарлануда (оның ішінде «Урпаг-Агро» ЖШС – 10,0 мың бас, «Бетағаш» ШҚ – 2,0 мың бас, «Азамат-А» ШҚ – 300 бас, «Хайруллин» ШҚ – 1000 бас).
«Жайлау» бағдарламасы бойынша – 47 ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі (отандық асыл тұқымды мал басын сатып алу) ниет білдірген.
Аталған бағдарламаларды іске асыру ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне мал шаруашылығының аналық басын сатып алуға, шаруашылықтардың азықтық базасын нығайтуға, мал шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемін ұлғайтуға және өңірдегі мал шаруашылығы саласының одан әрі дамуын қамтамасыз етуге зор мүмкіндік береді.