Ертегінің емдік қасиеті

0 6

Шымкентте тіл кемістігі бар балаларға ертегі терапиясы қолда­нылады. Аймақта инклюзивті білімге мұқтаж 14 мыңға жуық бала бар.

Олармен 594 арнайы педагог жұмыс істейді. Балабақша мен білім ұйым­дарынан бөлек, қосымша интернаттар мен оңалту орталықтары құрылған. «Халық ертегілерін әдістемеге қосып, арти­куляциялық жаттығулар орындатамыз. Қиял-ғажайыпқа толы «Бауырсақ», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» сияқты шығармалар оқушылардың ой-өрісін дамытуға әрі анық сөйлеуіне айтарлықтай пайдасын тигізеді», дейді логопед-дефектолог Гүлбахар Турсиметова.