Даладағы дүбір

0 4

Биыл көктен ылғал мол түсті. Облыстағы су қоймаларына су жылдағыдан көп жиналды. Әлі де екі күннің бірі жауын-шашын. Енді жылт еткен әрбір күнді тиімді пайдаланып, көктемгі дала жұмыстарын қарқынды атқару керек.

Облыс әкімдігі ауылшаруашылық басқармасының мәліметіне қарағанда 2024 жылдың өнімі үшін 644,5 мың гектар алқапқа ауылшаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарланған. Бүгінгі күні барлық аудандарда көктемгі дала жұмыстары атқарылуда. 17 сәуірге 111,6 мың гектар жер жыртылып, 239,0 мың гектар алқап өңделген. 157,5 мың гектарға жаздық масақты дақылдар, 9,8 мың гектарға көкөніс, 23,3 мың гектарға көп жылдық шөп, 1,2 мың гектарға майлы дақылдар және 3,8 мың гектар алқапқа қант қызылшасы дақылдары егіліп, көктемгі дала жұмыстары жалғасып жатса керек.

Биылғы өнімге егілетін жаздық дақылдардың қажетті тұқым көлемі  44,8 мың тоннаны құрап, шаруашылықтар тұқыммен 100 пайыз қамтылған. Биыл 53,3 мың тонна тыңайтқыш ендіру жоспарланған. Жергілікті бюджеттен 1,0 миллиард теңге бөлініп, қосымша республикалық бюджеттен 2,2 миллиард теңге көлеміне ұсыныс енгізіліпті. Басым дақылдарды субсидиялау бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен 2,1 миллиард теңге бөлініп, қосымша аталған бағдарлама бойынша 8,2 миллиард теңгеге ұсыныс берілген. Егін шаруашылығы саласын субсидиялауға қосымша 10,4 миллиард теңге қаражат қажет етеді.

Көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру мақсатында «Кең дала» бағдарламасы арқылы 2,5 миллиард теңге қаржы қарастырылған. Бүгінгі күні 101 ауылшаруашылығы құрылымдарынан 1507,0 миллиард теңгеге өтінім түсіп, 66 шаруашылыққа 1032,0 миллион теңге несие төленіпті, 35 агроқұрылымның 475 миллион теңге қаржысы мақұлданып, қаражат төлем жұмыстары атқарылып жатса керек.

Көктемгі дала жұмыстарына 7506 ауылшаруашылығы техникалары, трактор – 4783, соқа – 1242, қопсытқыш – 589, дән сепкіш – 796 және 96 тұқым дәрілегіш жұмылдырылған.

Науқанға ақпанда – 3,7, наурызда – 4,3, ал мамыр айында – 2,8 мың, барлығы 10,8 мың тонна дизель отыны бөлінген. Дизель отынын тарату үшін 7 өңірлік таратушы операторлар айқындалып, 1 литріне 250 теңге мөлшерінде қалыптасқан. Қазіргі таңда 7,7 мың тонна дизель отынына операторлар тарапынан қаражат аударылды, оның 6,5 мың тоннасы облысқа жеткізіліп, 2,6 мың тоннасы ауылшаруашылығы тауар өндірушілерге таратылған.

Көктемгі дала жұмыстарының барысы тұрақты бақылауда көрінеді.