Ауылшаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Жетісу облысының қант зауыттарының шикізатты қабылдауға және жаңа егінді өңдеуге дайындығын тексерді.
«Көксу қант зауытының» қуаттылығы тәулігіне 2500 тонна қант қызылшасы мен 300 тонна қамыс шикізатын құрайды. 2023 жылы зауытта 53 мың тонна қант өндірілсе, 2024 жылдың 7 айында 23 мың тонна қант өндірілді.
Министр зауытты аралап көріп, содан кейін қызылша қабылдау пунктінің аумағында қызылша егетін фермерлермен кездесті.
«Шаруалар мемлекет тарапынан қолдау тауып жатыр. Арзандатылған ЖЖМ бөлінді, тыңайтқыштарға, тұқымдарға, гербицидтерге субсидиялар төленеді. Егіс жұмыстары үшін жеңілдетілген несиелеу қарастырылған. Барлық айтылған мәселелерді біртіндеп шешеміз», деді Айдарбек Сапаров кездесуде.
Ақсу ауданында министр «Ақсу Кант» ЖШС жаңа маусымына дайындық жұмыстарының барысымен танысты. Кәсіпорынның қуаттылығы тәулігіне 3500 тонна қант қызылшасын құрайды. Өткен жылы зауыт қуаттылығы тәулігіне 400 тонна қамыс шикізатын қайта өңдеу желісін орнатты. Өткен жылы зауыт қазан айында іске қосылды, жыл соңына дейін 10 мың тонна қант өндірілді.
Ескелді ауданында министр «Дүйсембинов» ШҚ қызылша алқабында болды. Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша облыс әкімдігіне егін жинау барысын бақылауға алу, қант қызылшасын жинау бойынша егін жинау науқанын ұйымдастыруға жәрдемдесу тапсырылды.
Биыл Қазақстанда рекордтық 1,1 млн тонна қант қызылшасын жинау жоспарлануда. Осыған байланысты Жамбыл облысы мен Жетісу облысының шаруалары үшін шикізатты өткізу және қайта өңдеу мәселесі өзекті болып отыр.
Бұған дейін Айдарбек Сапаров Жамбыл облысының кәсіпорындарында болып, фермерлермен кездесті. Сапар қорытындысы бойынша қант қызылшасын жөнелтуге, өңдеуге қатысты мәселелер жедел шешілді.