Басты назарда – агроөнеркәсіп

0 4

Елімізде агроөнеркәсіп кешенін дамыту – басты мәселенің бірі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте ауыл халқының 85%-ы тұратын тірек ауылдарды дамыту аса қажет екендігін атап өткен болатын.

Тірек ауылдарды дамыту үшін бұл елді ме­кендерді жолдармен, қолжетімді бай­ла­ныс интернетпен, инфрақұрылыммен қам­­­тамасыз ету бірінші кезекке шығуға тиіс. Сонымен қатар ауыл тұрғындары үшін білім, мәдениет және спорт нысан­да­рын дамытып кез келген ауыл баласының шы­нық та шымыр болып өсуіне қолайлы жағ­дай жасалуы керектігі тағы бар.

Осыған дейін Үкімет агроөнеркәсіп ке­шенін дамытудың 2021-2025 жылдарға ар­налған ұлттық жобасын қабылдаған бо­ла­тын. Мемлекет басшысы жобаны іске асыру барысында еңбек өнімділігін 2,5 есе­­ге арттыруға агроөнеркәсіп кешені өнім­дерінің экспортын екі есеге ұлғайту, ин­вестициялық жобаларды іске асыру есе­бінен 1 млн ауыл тұрғынының табысын тұ­рақ­ты түрде арттыру қажет деген бір­қа­тар тапсырмалар жүктеген. Бүгінде атал­мыш жоба аяқталуға жақын. Бұл мақсатта мем­лекет қазынасынан әр жыл сайын қыруар қаржы да қарастырылған. Мысалы, 2021 жылы 471,9 млрд теңге бөлінсе, 2022 жы­лы 414,1 млрд теңге, 2023 жылы 485,6 млрд теңге қарастырылған екен. Ал 2024-2025 жылдарды қоса алғанда жұмсалатын қа­ражат 1 331,7 млрд теңгеге жетпек. Жал­пы, жобаны ұлттық деңгейде жүзеге асыру мақсатында ел қазынасынан бес жыл бойына 2 703,3 млрд теңге қарастырылған.

Елімізде шамамен 6 293 ауылдық елді ме­кен бар. Бұл ауылдарда тұрақты ме­кен етіп отырған халықтың жалпы саны ша­мамен 7,7 миллионнан асып отыр. Қа­зір бағдарлама негізінде ауылдық елді ме­кендердегі әлеуметтік, инженерлік жә­не көлік инфрақұрылымын дамыту маңыз­ды. Атап айтқанда, жаңа мектептер мен ме­дициналық нысандар салынып, сумен және электрмен үздіксіз жабдықталу үс­тін­де. Ауыл жолдарының сапасы жақса­рып, кітапхана, клуб, музей және кино­театр, спорт ғимараттары сынды мәдени ны­сандар салынып, халыққа қызмет көр­сету орталықтары ашылу үстінде. Одан бө­лек, тұрғын үй құрылысын жандандыру үшін жаңа жер учаскелеріне инженерлік ком­муникацияларды жүргізу жұмыстары жал­ғасын тауып оытр. Бұл ретте ауылдық елді мекендерде өз қызметкерлеріне үй са­лып берген жұмыс берушілердің шы­ғын­дары жалпы алаңы 100 шаршы метрден аспайтын үй құнының 50%-ы мөлшерінде субсидиялау да қарастырылып отыр. Өз ке­зегінде бұл да халықтың ауылдарда тұ­рақ­­тап өңірлердің өз бетінше дамуына үл­кен серпін болатыны рас. Жоғарыда атал­ған мәселелердің кедергісіз жүзеге асы­рылуын еліміздің Ауылшаруашылығы ми­нистрлігінен бөлек, ел Үкіметі де қатаң ба­қылауында ұстап отырғаны белгілі. Бұ­ған «AMANAT» партиясының сайлауалды бағ­дарламаларындағы межелі басымдық­тар­ды да қосуға болады.

Одан бөлек, ауылдық жерлердегі қо­ғам­дық қауіпсіздікті күшейту үшін зама­науи учаскелік полиция пункттерін салу, аудан орталықтарында бейнебақылау жүйе­сін енгізу, ауылдарда жаяу жүргін­ші­лер жолдары мен мал айдау аймақтарын бел­гілеу де жоспар тұжырымдамасынан тыс қалып отырған жоқ. Оған қоса, шека­ра­лас ауылдық елді мекендерді дамытуға ерек­ше назар аударыла бастады.

Сонымен қатар «Ауыл – ел бесігі» жо­басы аясында да біршама жұмыстар жүр­гі­зілуде. Ауылдағы ағайын үшін ең басты нәр­се – су мәселесі мен кедергісіз жолдың болуы. Сонымен қатар ауылды дамытуға ба­ғытталған ұлттық жоба аясында кезең-ке­зеңімен іске асырылып келе жатқан жо­баның арқасында бірінші кезекте ауыл хал­қының өмір сүру деңгейі жақсарып, тұр­мыс тіршілігі алға басуы қажет. Сондай-ақ ауыл жұрты үшін жұмыссыздық мә­се­лесін жою қажет екені белгілі. Үкімет осы бір келеңсіздікті жою мақсатында тағы бір сер­піліп тың жоба қабылдаса деген пікір де бар. «Екі қолға бір күрек» табылып, күн­делікті ас-суын айырып отырудың өзі ауыл­дағы ағайын үшін үлкен демеу болары сөз­сіз. Бұл орайда елміздің әр өңірінде аг­роөнеркәсіп кешенін дамытудың ұлттық жобасы аясында ауылдық жерлерде жұмыс орындары ашылып, біртіндеп кә­сіп­орындар өз істерін дөңгелетуде. Тіпті, же­ке кәсіпкерлікті қолдаудың түрлі тетік­тері пайда болып жатқаны жасырын емес.