Қытайлар Цзилинь провинциясында диаметрі 120 метр болатын толықайналмалы радиотелескоп салып жатыр.
Радиотелескоп аспанның кез келген нүктесін бақылауға мүмкіндік береді. Жаңа құрылғы астероидтарды қадағалап, күн жүйесінің планеталарын зерттеуге арналған. Телескоптың құрылысы 2028 жылы аяқталады.
Жобаны Қытай ғылым академиясы жүзеге асырып жатыр. Ғалымдар құрылғы Қытайдың радиоастрономия, ғаламшарды қорғау саласындағы мүмкіндіктерін арттырады деп отыр.