Аудан дамуына драйвер болған жобалар

0 2

Еліміздің бірінші Президенті  «NUR OTAN» партиясының XVIII съезінде сөйлеген сөзінде еліміздегі 7,5 миллион ауыл тұрғынының әл-ауқатын жақсарту мақсатында перспективалы ауылдарды іріктеп, сол ауылдарда әлеуметтік саланы дамытуды, тұрғын үйлер мен жолдар салып, коммуникациялар жүргізуді қарастыратын «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыруды тапсырған болатын. Ізгі жоба жалғасын тапты. Аталған жобаның іске асуына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аса көңіл бөліп әр тіректі елді мекеннің дамыуына қомақты қаржылар бөліп келеді.

Осы жоба аясында Мойынқұм ауданында 2021-2025 жылдар аралығында бірқатар денсаулық, мәдениет, спорт нысандары бой көтерді және күрделі жөндеуден өткізілді. Сонымен қатар елді мекендердегі автомобиль жолдарыда орта жөндеуден өткізілді. Атап айтатын болсақ, Мойынқұм ауылдық округі Мойынқұм ауылына «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 645,5 миллион теңге қаржы қаралып, аудан орталығындағы Б.Момышұлы атындағы орталық стадион заманауи талаптарға сәйкес толықтай қайта жаңғыртылып, халық игілігіне пайдалануға берілді. Сонымен қатар Т.Рысқұлов тірек мектебінің ғимараты толықтай күрделі жөндеуден өткізілді. Сондай-ақ ауыл ішіндегі 9 көшенің автомобиль жолдары орта жөндеуден өтті.

Кеңес ауылдық округі Айдарлы ауылына жоба аясында 937,5 миллион теңге қаржы қаралып, заманауи спорттық-сауықтыру кешені мен 90 орындық клуб пен кітапхана ғимараты бой көтеріп пайдалануға берілді. Сонымен қатар № 2 орта мектебінің ғимараты толықтай күрделі жөндеуден өткізілді және ауыл ішіндегі 7 көшенің автомобиль жолдары орта жөндеуден өткізілді.

Бірлік ауылдық округіндегі Бірлік ауылына 847,0 миллион теңге қаржы қаралып, заманауи спорттық-сауықтыру кешені ғимараты бой көтеріп пайдалануға берілді. Одан бөлек Қ.Рысқұлбеков орта мектебінің ғимараты толықтай күрделі жөндеуден өткізілді. Сондай-ақ Бірлік ауылдық дәрігерлік амбулаториясы күрделі жөндеуден өткізілді және ауыл ішіндегі 10 көшенің автомобиль жолдарына орта жөндеу жасалды. Биназар ауылдық округінің Биназар ауылына 295,0 миллион теңге қаржы қаралып, стандартқа сай келетін Биназар ауылдық фельдшерлік-акушерлік тірек ғимараты бой көтеріп халық игілігіне пайдалануға берілді. Сонымен қатар ауылдық мәдени клубы толықтай күрделі жөндеуден өткізілді және  ауыл ішіндегі 6 көшенің автомобиль жолдары орта жөндеуден өткізілді.

Жамбыл ауылдық округіне 46,7 миллион теңге қаржы қаралып, ауылдық мәдени клубы толықтай күрделі жөндеуден өткізілді. Шығанақ ауылдық округіне 590,8 миллион теңге қаржы қаралып, заманауи спорттық-сауықтыру кешені ғимараты бой көтеріп халық игілігіне пайдалануға берілді. Сондай-ақ қатар ауыл ішіндегі 4 көшенің автомобиль жолдары орта жөндеуден өткізілді.

Мыңарал ауылдық округіндегі Мыңарал ауылына 495,7 миллион теңге қаржы қаралып, ауылдық мәдени клубы толықтай күрделі жөндеуден өткізілді және ауыл ішіндегі 4 көшенің автомобиль жолдарына орта жөндеу жүргізілді.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы, ауданымыздағы тіректі елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесін қосып келеді. Жоғарыда айтылғандай бірқатар нысандар бой көтеріп, қайта жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізілді. Алдағы уақытта да осындай жобалар аясында жұмыстар жалғасын табатын болады.