Әнші Арман Қоңырбаевтың әкесі өмірден өтті. Өнер иесі бұл туралы Instagram-дағы парақшасында жазды.
Әнші әкесімен бірге түскен отбасылық суреттерін жариялады.
«Бір апта бұрын – қасиетті жұма күні менің тірегім, тілекшім, асқар тау, асыл әкем Қоңырбаев Қайрат Сегізбайұлы дүниеден өтті… Алла Тағала өз рахымына алсын, жаныңыз жәннатта болсын, Әке!», – деп жазды Арман Қоңырбаев.
Өнердегі әріптестері мен оқырманы әншіге көңіл айтып, пікір қалдырған.