Саламатты өмір – жарқын болашақ кепілі

0 3

Бүгінгі таңда қоғам болып дабыл қағатын, ұлт саулығына тікелей қауіп төндіріп тұрған ең қатерлі кеселдің бірі – нашақорлық. Есірткіге тәуелділік – тек бір адамның қасіреті емес, тұтас бір отбасының ойранын шығарып, мемлекеттің болашағына балта шабатын әлеуметтік апат, ақыл-ойыңды улайтын ажал.

Есірткі заттарының адам ағзасына тигізер зияны шаш етектен. Ол ең алдымен адамның орталық жүйке жүйесін, миын зақымдайды. Нашақорлыққа салынған жанның ерік-жігері құрып, санасы уланады. Уақыт өте келе бауыр, бүйрек, жүрек қан-тамырлары істен шығып, адам рухани тұрғыдан да, физикалық тұрғыдан да тез тозады.

Әсіресе, соңғы жылдары сәнге айналған синтетикалық есірткілер (түрлі «тұздар» мен «микстер») қауіпті еселеп арттырды. Оларға бір-екі рет қолданғаннан-ақ тәуелділік қалыптасады және оның соңы психозға, есінен адасуға немесе алғашқы дозадан-ақ өлімге (дозаның асып кетуіне) әкеп соғады.

Сақтану және алдын алу жолдары

Бұл дерттің алдын алу – емдеуден әлдеқайда тиімді әрі оңай. Нашақорлықпен күресте бүкіл қоғам бірлесе әрекет етуі тиіс. Отбасылық тәрбие ол басты қорған болып табылады. Ата-ана баласымен ашық сөйлесіп, оның бос уақытын, араласатын ортасын және әлеуметтік желідегі белсенділігін назарда ұстауы керек. Бала үйде махаббат пен қолдауды сезінсе, көшедегі зиянды әдеттерге бой алдырмайды.

Спорт пен шұғылдану да пайдалы әуестік болып табылады. Жастардың энергиясын дұрыс арнаға бағыттау қажет. Спорттық үйірмелер, шығармашылық орталықтар қолжетімді әрі қызықты болуы тиіс.

Егер жақыныңыздың мінез-құлқы күрт өзгерсе (оқшаулану, көз қарашығының үлкен не кіші болуы, тәбеттің жоғалуы, белгісіз шығындар), бірден мамандардың (психологтар мен наркологтардың) көмегіне жүгінген жөн.

Болашағымыздың жарқын, ұлтымыздың сау болуы – өз қолымызда. Есірткіге еліктеу – заманауилық емес, бұл – сананың таяздығы мен өмірге деген жауапсыздық. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеп», саламатты өмір салтын серік етейік. «Бір рет көрейін, ештеңе етпес» деген қателік өміріңізді қиюға жеткілікті екенін ұмытпаңыз!