Нашақорлықтың зардабы түсіндірілді

0 3

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінде сотталған азаматтардың қатысуымен нашақорлық пен алкоголизмнің алдын алуға арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – сотталғандардың зиянды әдеттердің адам денсаулығына, қоғамға және болашақ өміріне тигізетін кері әсері туралы түсінігін кеңейту, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау.

Кездесу барысында спикерлер есірткі мен алкогольге тәуелділіктің жеке адамға ғана емес, тұтас қоғамға қауіп төндіретін өзекті мәселе екенін атап өтті. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында нашақорлық пен есірткі саудасына қарсы күреске ерекше мән берілгені айтылды.

– Есірткі – адамның денсаулығын ғана емес, оның өмірлік құндылықтарын, болашаққа деген сенімін де жояды. Сондықтан бұл індеттің алдын алу үшін қоғам болып жұмылуымыз қажет. Әрбір азамат салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды әдеттерден аулақ болуы тиіс, – деді спикер.

Іс-шара барысында қатысушыларға нашақорлықтың зардаптары, алкогольге тәуелділіктің салдары және олардың алдын алу жолдары жөнінде жан-жақты мәлімет берілді. Сондай-ақ зиянды әдеттерден арылудың маңыздылығы түсіндіріліп, өмірлік құндылықтарды бағалаудың қажеттілігі айтылды.

Кездесу соңында сотталған азаматтар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан жан-жақты жауап алды. Мұндай тәрбиелік бағыттағы іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.