«Жамбыл облыстық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы» КММ филиалында Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Туған тілім – тұғырым» атты мерекелік сайыс өтті.
Балалардың бойында мемлекеттік тілді құрметтеу, сыйлау, ана тілдерін қастерлеу сезімдерін қалыптастыру, сөздік қорларын байыту, ұлтжандылыққа, адамгершілікке тəрбиелеуді мақсат еткен іс-шара «Кім көп біледі?», «Мақал – сөздің мəйегі», «Кім жылдам?», «Даналық ойдан дəн ізде» кезеңдерінен тұрды. Сайыс барысында қатысушылар мақал-мəтел айту, берілген даналық сөздердің жалғасын табу, жаңылтпаштарды қайталау жəне өлең немесе қарасөзді мəнерлеп оқудан сынға түсті.
Сонымен қатар, өнерпаздар əсем əндерді əуелетіп, байқаудың шырайын ашты.