Тіл тағдыры – ел тағдыры

0 2

Тіл – халықтың жаны, рухы мен тарихының айнасы. Әрбір ұлттың ең қымбат қазынасы – оның тілі. Тіл арқылы халықтың дүниетанымы, салт-дәстүрі, мәдениеті, ой-пікірі мен арман-мұраты ұрпақтан ұрпаққа жалғасады.

Қазақ халқы үшін ана тілін ардақтау – елдікті сақтау деген сөз. Өйткені, тіл жоғалса, ұлт та өзінің болмысын жоғалтады. Сондықтан «Тілге құрмет – елге құрмет» деген сөздің мәні терең. Тілді сыйлау – ата-бабаның аманатын қастерлеу, ұрпаққа болашаққа жол ашу.

Бүгінгі таңда мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру – әрбір азаматтың парызы. Ана тілінде сөйлеу, жазу, оқыту – мемлекеттік міндет қана емес, жүрекпен сезініп, жан-тәнімен қолдауды қажет ететін қасиетті іс. Қай тілде сөйлесек те, ең алдымен өз ана тілімізді ардақтау – елге деген шынайы құрметтің белгісі. Тілге құрмет көрсеткен қоғам – мәдениеті биік, болашағы жарқын қоғам. Әр азамат туған тілін құрметтеп, қолдана білсе, елдің бірлігі мен тұтастығы нығаяды. Сондықтан, тілімізді қадірлеу – өз елімізді қадірлеумен тең.

Мемлекеттік тіл – қазақ тілін тез және оңай меңгеру үшін теледидар, әуендер, радио және әлеуметтік желілердегі тақырыптарды қазақ тілінде көру, тыңдау, тұрмыста күнделікті көбірек ана тілде сөйлеу және қазақ тілдегі  кітаптарды оқу, мақал-мәтелдерді, жаңылтпаштарды жаттау қажет.