Биогибридті қол

0 5

Токио университеті мен Васэда уни­­­вер­ситетінің ғалым­дары адам­ның бұлшықет талшық­тарынан жа­­сал­ған биогибридті қол жасап шығарды.

Бұл қол ұсақ заттарды ұстай алады. Оның жұмысы арнайы «MuMuTAs» талшықтары арқылы іске асады. Бұлар нағыз бұлшықет сияқты. 10 минут үздіксіз жұмыс істеген соң, бір сағат ішінде күш жинап қайта қалпына келеді. Қолды қозғалту үшін электр тогы пайдаланылады. Ғалымдар болашақта протез жасау саласында қолдануды жоспарлап отыр.