Суасты зерттеу орталығы

0 10

Қытай Оңтүстік-Қытай теңізінде 2000 метр тереңдікте суасты зерттеу орталығын салмақ.

Мұнда ғалымдар теңіз экожүйеле­рін зерттеп, метан гидраттарын ба­қылап, пайдалы қазбаларды іздейді. Теңіз түбінде кобальт, никель сияқты баға­лы металдар бар. Ал, аймақтағы ­метан гидраттарының қоры 70 мил­лиард тоннаға бағаланған. Сондай-ақ ғалымдар бұл жерден қатерлі ісікке қар­сы дәрі жасауда қолданылатын ерекше ферменттерді бөлетін теңіз тіршілігін зерттемек. Орталық пилотсыз аппараттармен жабдықталған. Бірақ, негізгі жұмысы зерттеушілер атқарады. Қуат көзі ретінде атом энергиясы қолданылуы мүмкін.