Жөндеуден кейін қайта ашылған Нотр-Дам де Пари шіркеуіне бір айда 800 мыңнан аса адам барған. Бұл минут сайын ғимаратқа 32 адамнан келіп отырды деген сөз.
Әлемдік мәдени мұраның айрықша нысаны саналатын әйгілі ғимаратқа келушілер саны өте көп. Кезек кейде үш сағатқа созылады. 2019 жылдың көктемінде шіркеуде алапат өрт шыққан еді. Бес жылға жалғасқан қалпына келтіру жұмыстарынан кейін Париждің көрнекті орны желтоқсанның басында қайта ашылды. Өртке дейін жыл сайын мұнда 14 миллион адам келетін.