Лас-Вегаста таныстырылған жаңа технологиялар жаһан назарын аударды.
Әсіресе «Ultrahuman» компаниясының «Rare» деп аталатын 18 караттық әшекей бұйымы елді еріксіз елең еткізді. Өйткені бұл смарт сақина сымбатыңызды сақтайды, саулығыңызды бақылайды. Стресс деңгейін, дене температурасын қалыпты ұстауға көмектеседі. Ал «L’Oréal» компаниясының «Cell BioPrint» құрылғысы теріге әжім түспеуін әжептеуір кешеуілдетеді.
Айта кетейік, «Rare» жинағының бағасы шамамен 2000 доллар. Жақын күндері Париж бен Лондон дүкендерінде сатылымға шығады.