Оңтүстік Корея ресми түрде «ең қарт қоғам» санатына енді. Елде жасы 65-тен асқан адамдардың саны 10,24 миллионға жетті. Біріккен Ұлттар Ұйымының бағалауынша, бұл – әлемдегі ең жоғары көрсеткіш.
Ал бұған билік қатты алаңдаулы. Өйткені Оңтүстік Корея туу көрсеткіші күрт азайған мемлекеттер қатарында. Оған себеп – елдегі ер адамдар отбасы құрудағы жауапкершіліктен қашса, қыздар балалы болудан гөрі мансапты ойлайды. Сондықтан биыл үкіметке демографиялық дағдарысты реттеу жөнінде тапсырма берілді.