Төрт күндік жұмыс аптасы

0 6

Жапонияда демографиялық дағ­дарысты еңсеру мақсатында төрт күндік жұмыс аптасы енгізілмек.

Жаңа ереже сәуір айында күшіне енеді. Мамандардың айтуынша, Күншығыс елінің халық саны кейінгі сегіз жылда күрт азайып барады. Себебі, жұмысбастылықтан жастарға отбасын құрып, балалы болу қиындаған. Сондықтан Жапон үкіметі халық санын көбейту мақсатында ер адамдарға да әкелік демалыс беру сияқты бірқатар шараны қолға алмақ.