Кегеннің келбетін аша түсті

0 13

Кеген өңіріне табан тіреген әр азамат аспантаумен астасқан мақтадай бұйра бұлттарын көргенде ерекше әсерге бөленеді. Қайқыдан аса бергеніңізде, ұзақ жолдағы шаршағаныңызды сап басатын салқын ауасы, айналадағы қарағайлы тауы мен масаты кілемдей жасыл желегі көңіл күйіңізді көкке көтереді.

Жергілікті кәсіпкер Зәуреш Нұрғалиқызы. Кегенге кіреберістегі өзен жағалауынан бір гектар жер тілімін алып, «SEM-BEK – ETNO AUYL» атты демалыс орнын ашты. Қаз-қатар ақбоз үйлер тігіліп, ауылдың көркін кіргізді.

Демалыс орнының ашылу салтанатына Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев ортақтасты. Ауыл ақсақалы Лехан Тастанов ақ батасын берді. Кәсіпкер Зәуреш Нұрғалиқызының айтуынша, бұл жерде балалардың демалуы үшін ойын алаңы, алтыбақан орнатылып, гүлзарлар мен шыршалар отырғызылады. Өзен жағалауынан ауыл халқының жайлы демалуына көл жасалып, балық шаруашылығы ұйымдастырылады. Жастар жұмыспен қамтылады.