Астанада қоғамдық көлік паркі жаңа 15 автобуспен толықты.
«Yutong» маркалы автобустарды «Жорға МТ» ЖШС жеке автобус паркі сатып алды. Автобустар 2024 жылғы, отандық өндіруші жинақтаған. Трансмиссиясы және белдемесі – неміс шығарылымы.
Жақын арада ресімдеу, жабдықты орнату, жүйеде тіркеу, жүргізушілерді бекіту жұмыстары жүргізілгеннен кейін, автобустар қала бағдарларына қосылып, халықтың игілігіне пайдалануға беріледі.
Жаңа автобустар мен жаңа бағдарлар қосу бойынша жұмыс ары қарай да жалғасады.