Ингалятор қолдану оразаны бұза ма? Бұл сұраққа Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы инстаграмдағы парақшасында жауап берді.
“Ауыз, мұрын, құлақ арқылы ішке барған нәрселер оразаны бұзады. Ингалятор секілді аппараттармен шашқан дәрі ішке кеткендіктен, ораза бұзылады. Мұндай аппаратсыз жүре алмайтын кісілер ораза ұстамайды”, деп жазды Muftyat.kz.