Президент жұмысшы мамандықтарының жылын жариялау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің реформасын жүзеге асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
- Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.