Жұбайының рұқсатынсыз несие алуға тыйым салу ұсынылды

0 6

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахмановтың сөзінше, қазақстандықтардың көбінің қарыз алу себебі – құмар ойынға тәуелділік.

«Адамдар казиноларға бәс тігіп, табыс табуға бейім. Кейбір жағдайларда олар банк несиелерін де пайдаланады. Ерлі-зайыптының бірі несие алады да, болашақта бұл несие отбасылық бюджетке ауыртпалық түсіретін жағдайлар бар», деді ол.

Оның айтуынша, мұндай қажетсіз несиелердің санын азайту үшін жұбайының келісімімен жеке тұлғаға банктік несие беру талабы қолдау тауып отыр.