Жүргізушілер курсын аяқтағаны туралы куәлік электронды нұсқаға көшіріледі

0 6

Уәкілетті және мүдделі мемлекеттік органдар жүргізушілерді даярлау сапасын арттыру мақсатында шаралар қабылдады. Жүргізушілердің өз бетінше дайындалуы және онлайн оқуы алынып тасталды. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев хабарлады.

Оның айтуынша, автомектептерді және үміткерлерді тіркеу Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйесінде жүргізіледі, бұл үміткерлерге курсты аяқтау туралы куәліктерді мерзімінен бұрын беру және оларды қолдан жасау мүмкіндігін болдырмайды.

— Оқу курсын аяқтағаны туралы куәлікті электронды нұсқаға толық көшіру бойынша жұмыс атқарылуда, ол өз кезегінде жалған немесе оларды формальды түрде алуды болдырмайды. Сол сияқты жалған медициналық қорытындыларды болдырмау мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі анықтамаларды электрондық форматқа ауыстырды, — деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар, жүргізушілерді даярлау сапасын арттырудың тиімді шараларының бірі автомектеп ашу қызметін рұқсат беру тәртібіне қайтару болып табылады.