Үндістан өзендерінің бірінде қолтырауын 12 жастағы баланы бөлшектеп тастаған. Денесінің қалдықтары 5 сағаттан кейін табылды.
«Times of India» мәліметінше, бала жұмыстан кейін қолы-аяғын жуу үшін су жиегіне тоқтаған. Сол мезетте оған қолтырауын тап берген.
Баланың айқайын естіп, маңайда жұмыс істеп жүрген фермерлер жүгіріп келген. Олар жыртқышқа тас пен кірпіш лақтырған. Қолтырауын баланы аяғынан тістеп, су астына сүйреп әкеткен. Оқиға баланың туыс ағасының көз алдында болған.
Қолтырауын баланы ішінара жеп үлгерген. Денесінің қалдықтары табылған кезде оның оң аяғы мен денесінің төменгі бөлігі қатты зақымданғаны байқалған.