АҚШ-та дауыл салдарынан 2 мыңнан астам әуе рейсі тоқтап қалды
АҚШ-тың шығыс жағалауында күшті найзағай мен дауыл салдарынан кемінде 7 мың әуе рейсінің кестесі өзгеріп, 2 мыңнан астам рейс тоқтап қалды.
Әуе рейстерін бақылайтын FlightAware сервисінің мәліметінше, ел ішінде және халықаралық бағыттарда тағы 5 мыңнан астам рейс кешіктірілген. Нью-Йорктің өзінде шамамен 600 рейс тоқтатылып, 500-ден астамы кейінге шегерілген.
Қолайсыз ауа райына байланысты АҚШ-тың солтүстік-шығысындағы бірқатар өңірде су тасқыны қаупі туралы ескерту жарияланып, торнадо болуы мүмкін екені хабарланды. Алдын ала мәлімет бойынша Пенсильвания мен Нью-Джерси штаттарында кемінде екі торнадо тіркелген.
Мамандардың айтуынша, дауыл аймақ бойынша қозғалысын жалғастырып жатқандықтан, кейінге шегерілген және тоқтатылған рейстер саны әлі де артуы мүмкін.